Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 131/НҚ «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Регистрация, учет и выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ» и признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии»

Бұйрық · № 67/НҚ · қабылданған 28.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2020-no-131-ekb-164997/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 131/НҚ «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Регистрация, учет и выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ» и признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии» Күшін жойған 14.03.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 131/НҚ «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Регистрация, учет и выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ» и признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии»

Күшін жойған Бұйрық № 67/НҚ 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 131/НҚ «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Регистрация, учет и выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ» и признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии»
Атауы (қаз.)
«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
67/НҚ
Қабылданған күні
28.02.2022
Көрсетілген редакция
14.03.2023 164997_622718.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027027
ЭКБ идентификаторы
164997
Редакция идентификаторы
164997_622718
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:19
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсатты тіркеу, есепке алу және беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат не дәлелді бас тарту береді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аэротүсiру жұмыстарын
жүргiзуге арналған рұқсаттарды
тіркеуді, есепке алуды және
беру қағидаларына
1-қосымша»;
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аэротүсiру жұмыстарын
жүргiзуге арналған рұқсаттарды
тіркеуді, есепке алуды
және беру қағидаларына
2-қосымша»;
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аэротүсiру жұмыстарын
жүргiзуге арналған рұқсаттарды
тіркеуді, есепке алуды және
беру қағидаларына
3-қосымша»;
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аэротүсiру жұмыстарын
жүргiзуге арналған рұқсаттарды
тіркеуді, есепке алуды және
беру қағидаларына
4-қосымша».

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі