Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 187 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан «Об уточненном республиканском бюджете на 2020 год»

Қаулы · № 374 · қабылданған 19.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2020-no-187-2020-ekb-144025/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 187 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан «Об уточненном республиканском бюджете на 2020 год» Қолданыста Қаулы ·№ 374 ·19.06.2020
19.06.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 187 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан «Об уточненном республиканском бюджете на 2020 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 374 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2020 года № 187 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан «Об уточненном республиканском бюджете на 2020 год»
Атауы (қаз.)
«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
374
Қабылданған күні
19.06.2020
Көрсетілген редакция
19.06.2020 144025_603993.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000374
ЭКБ идентификаторы
144025
Редакция идентификаторы
144025_603993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:59

0 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі

№ 187 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан 295 454 825 мың теңге мөлшеріндегі сома:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге берілетін 282 323 682 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттерді мынадай
іс-шараларды қаржыландыруға аудару үшін бөлінсін:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға – 191 536 948 мың теңге;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға – 90 786 734 мың теңге;
2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне су шаруашылығы нысандарын салу және (немесе) реконструкциялауға аудару үшін 8 166 000 мың теңге;
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қорғаныс нысандарын жөндеуге 4 965 143 мың теңге бөлінсін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімі негізінде Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруға берілген
4 545 175 мың теңге сомасындағы қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.»;
көрсетілген қаулыға 55-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 57-қосымшада:
мына:
«
Бар­лы­ғы
281 323 682
89 786 734
191 536 948
8.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
12 667 000
6 051 054
6 615 946
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Бар­лы­ғы
282 323 682
90 786 734
191 536 948
8.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
13 667 000
7 051 054
6 615 946
»;
көрсетілген қаулыға 59-қосымшада:
15-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
«
15-1
Ұлт­тық бренд пен оны іл­ге­рі­ле­ту стра­те­ги­я­сын әзір­леу ар­қы­лы қо­ғам­дық са­на­ны жаң­ғыр­ту
1. Қа­зақ­стан­ның ими­джін оң маз­мұн­мен то­лық­ты­ру­ға, сон­дай-ақ ел­дің ше­тел­де та­ны­мал­ды­ғын арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған Қа­зақ­стан­ның жа­ңа ұлт­тық брен­дін (ел­дік ло­го, бренд­бук, бі­рың­ғай тү­стік па­лит­ра­ның стан­дарт­та­ры, түп­нұс­қа қа­ріп және т. б.) әзір­леу. Жа­ңа ви­зу­ал­ды бейне қа­зақ фи­ло­со­фи­я­сы­ның негіз­гі бел­гі­ле­рі – ұр­пақ­тар­дың та­ри­хи са­бақ­та­стығ­ын сақ­та­у­ға кө­мек­те­се­тін ір­ге­лі ұлт­тық және жал­пы­а­дам­заттық құн­ды­лық­тар­ды бей­не­лей­тін бо­ла­ды.
2. Ұлт­тық бі­ре­гей­лік­ті кү­шей­ту­ге, қа­зақ­стан­дық­тар­дың ұлт­тың мә­де­ни кодын сақ­тау иде­я­сы­ның тө­ңі­ре­гін­де бі­рі­гу­іне, аза­мат­тар­дың мақ­та­ны­шы мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гін арт­ты­ру­ға, қа­зақ­стан­дық та­у­ар­лар­дың бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лі­гі­нің өсу­іне, Қа­зақ­стан­ның сырт­қы эко­но­ми­ка­лық және са­я­си мүд­де­ле­рін іл­ге­рі­ле­ту­ге ық­пал ете­тін ком­му­ни­ка­ци­я­ның бар­лық негіз­гі ар­на­ла­ры бой­ын­ша Ұлт­тық бренд­ті іл­ге­рі­ле­ту және та­ны­мал ету стра­те­ги­я­сын әзір­леу
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі
«Ру­ха­ни жаң­ғы­ру» қа­зақ­стан­дық қо­ғам­дық да­му ин­сти­ту­ты» Ке­АҚ
003 «Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық са­я­сат­ты жүр­гі­зу»
100 «Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық тап­сы­ры­сты ор­на­ла­сты­ру»
480 190
».

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.

3 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резерв сомаларын бөлу

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « » маусымдағы
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 қаулысына
55-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резерв сомаларын бөлу
Әкім­ші
Ата­уы
Со­ма­сы, мың тең­ге
Бағ­дар­ла­ма
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
217
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі
266 632 639
010
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң ре­зервi
266 632 639
100
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жо­ю­ға ар­нал­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тө­тен­ше ре­зер­ві
23 500 000
101
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң шұ­ғыл шы­ғын­дар­ға ар­нал­ған ре­зервi
242 182 639
102
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің сот­тар ше­шім­де­рі бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­у­ға ар­нал­ған ре­зер­ві
600 000
103
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою ке­зін­де ха­лық­тың тір­ші­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған ре­зер­ві
350 000

Қолданыстағы