О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 9 декабря 2020 года № 311/12 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями на территории Майского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 9 декабря 2020 года № 311/12 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями на территории Майского района»
- Атауы (қаз.)
- Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы «Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» № 311/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/2
- Қабылданған күні
- 15.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2023 178673_619277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23PJ007311
- ЭКБ идентификаторы
- 178673
- Редакция идентификаторы
- 178673_619277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:23
0 Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы
«Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» № 311/12 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы «Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» № 311/12 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7089 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Май аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
4 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Май ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 38/2 қаулысына
қосымша
Май ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 желтоқсаны
№ 311/12 қаулысына
1-қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Р/с №
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны
Стендтердің саны
1
Ақшиман ауылы
Әлия Молдағұлова көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Ақшиман негізгі орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
Желтоқсан көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Ақшиман ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының сол жағында;
2 стенд
2
Ақжар ауылы
Құрманғазы көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Ақжар жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
Абай көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Ақжар ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
2 стенд
3
Май ауылы
Абылайхан көшесіндегі «Павлодар облысы Май ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарма-қарсы;
Школьная көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Май жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жағында;
Абылайхан көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Май ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
3 стенд
4
Май ауылдық округінің Еңбекші бөлімшесі
Ертіс көшесіндегі № 8 тұрғын үйге қарама-қарсы;
1 стенд
5
Қаратерек ауылы
Жамбыл Жабаев көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Қаратерек ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
Жамбыл Жабаев және Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысы;
2 стенд
6
Хасен Сейтказин ауылы
Орджоникидзе көшесіндегі № 9/2 тұрғын үйге қарама-қарсы;
1 стенд
7
Майтүбек ауылы
Бауыржан Момышұлы көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Майтүбек жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
Бауыржан Момышұлы көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Майтүбек ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
2 стенд
8
Қызылеңбек ауылы
Мұхтар Әуезов көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Қазақстан негізгі орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
1 стенд
9
Жұмыскер ауылы
Зекеш Қажкенов көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Жұмыскер ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
Пушкин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Қазан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
Целинная көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Май аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына қарама-қарсы;
3 стенд
10
Абай ауылы
Абай көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Аудандық оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның «Байтерек» балалар жасөспірімдер клубының ғимаратына қарама-қарсы;
1 стенд
11
Саты ауылы
Жұмағайша Исатаева көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Май аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінң ғимаратына қарама-қарсы;
Гагарин көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Саты ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
Жұмағайша Исатаева көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Саты негізгі орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
3 стенд
12
Малайсары ауылы
Мәншүк Маметова көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Малайсары ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
Амангелді Иманов көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Май аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына қарама-қарсы;
Абай көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Малайсары орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
3 стенд
13
Малайсары ауылдық округінің 1 фермасы
Ақсарай көшесіндегі № 18 тұрғын үйге қарама-қарсы;
1 стенд
14
Кеңтүбек ауылы
Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
Махмет Қайырбаев көшесіндегі № 8/1 тұрғын үйге қарама-қарсы автобус аялдамасы;
Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі Павлодар облысы Май ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
3 стенд
15
Көктөбе ауылы
Сәкен Сейфулин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
Қазбек би көшесіндегі Қ.Сатпаев атындағы саябағына қарама-қарсы;
Олжас Сүлейменов көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Май аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
Әйтеке би көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Май ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
4 стенд
16
Белогорский ХПП ауылы
Элеваторная көшесіндегі № 2 тұрғын үйге қарама-қарсы;
1 стенд
17
Бозша ауылы
Мағау Батаев көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Бозша ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
1 стенд
18
Баскөл ауылы
Қорабай Балкенов көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының «Баскөл ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
1 стенд
19
Жаңатілек ауылы
Аушайық көшесіндегі № 14 тұрғын үйге қарама-қарсы.
1 стенд