О внесении изменений в решение маслихата от 9 сентября 2020 года № 385 «Об организации и проведении мирных собраний»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 9 сентября 2020 года № 385 «Об организации и проведении мирных собраний»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 385 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 102
- Қабылданған күні
- 17.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2024 196183_697281.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NP101851
- ЭКБ идентификаторы
- 196183
- Редакция идентификаторы
- 196183_697281
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:58
0 Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 385 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 385 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9461 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар»;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында 18 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды»;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында 20 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.».