О внесении изменения в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 апреля 2020 года № С-42/7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 апреля 2020 года № С-42/7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-8/7
- Қабылданған күні
- 24.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2024 189822_701920.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BA866403
- ЭКБ идентификаторы
- 189822
- Редакция идентификаторы
- 189822_701920
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:26
0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7801 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтер өтемақысы «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).».