О внесении изменений в решение маслихата от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 264
- Қабылданған күні
- 30.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2022 177315_612457.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22N0031659
- ЭКБ идентификаторы
- 177315
- Редакция идентификаторы
- 177315_612457
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:50
0
Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9499 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:
1) Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
2) Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.»;
2-1 және 2-2-тармақтары алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік қолдау Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа уәкілетті орган жіберген және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төленеді.
Әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидалар шеңберінде бұрын алынған ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес әлеуметтік қолдауды төлеу үшін көзделген еңбек шартында белгіленген мерзім өткенге дейін еңбек қатынастары тоқтатылған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қолданылмайды.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік қолдау Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына кемінде 7 (жеті) жыл мерзімге жіберілген қызметкерлерге бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.».