Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Костанайской области от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»

Өзге акт · № 322 · қабылданған 16.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2020-no-543-ekb-230099/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Костанайской области от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета» Күшіне енбеген 16.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение маслихата Костанайской области от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»

Күшіне енбеген Өзге акт № 322 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Костанайской области от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»
Атауы (қаз.)
Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
322
Қабылданған күні
16.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
29.09.2026
Көрсетілген редакция
16.09.2026 I230099_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V26N0039900
ЭКБ идентификаторы
230099
Редакция идентификаторы
I230099_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:40
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:
1) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты болған кезде жұмысқа жіберілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне:
Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларында 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Арқалық қаласына, Қостанай облысының Жітіқара және Қостанай аудандарына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Арқалық қаласына, Қостанай облысының Жітіқара және Қостанай ауданына 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде;
2) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты болған кезде техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар фармацевтика қызметкерлеріне, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты болған кезде Қостанай облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне жұмысқа жіберілгендерге 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары

Мәслихаттың
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 322 шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2020 жылғы 9 қазандағы
№ 543 шешіміне қосымша
Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мынадай медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) қолданылады:

1) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты болған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар медицина қызметкерлеріне;

2) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты болған кезде техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар медицина қызметкерлеріне;

3) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты болған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі бар фармацевтикалық қызметкерлерге;

4) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты болған кезде техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар фармацевтикалық қызметкерлерге.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік қолдау төлеу жөніндегі уәкілетті орган – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

2) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) – жеке тұлғаның біліктілік деңгейін және клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, оның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат;

3) жұмыс беруші – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және Қостанай облысының аумағында орналасқан, қызметкермен еңбек шартын жасасқан денсаулық сақтау ұйымы;

4) жұмыс үшін жолдама – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және кадрларға қажеттілікті ескере отырып, Қостанай облысының аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жұмысқа орналасу үшін қызметкердің жіберілгенін растайтын уәкілетті орган беретін жазбаша ресми құжат;

5) түлек – медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламасын, денсаулық сақтау саласындағы өзге де білім беру бағдарламасын меңгерген адам.

3. Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) – қызметкермен еңбек шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде міндетті түрде жұмыс істеген жағдайда, уәкілетті орган ауылдық жерге, кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілген қызметкерлерге ақшалай төлем түрінде бюджет қаражаты есебінен ұсынылады (бұдан әрі – міндетті жұмыспен өтеу мерзімі).

4. Әлеуметтік қолдау төленеді:

1) жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан Қостанай облысының қалалық елді мекендерінен Қостанай облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне жұмыс істеу үшін уәкілетті орган жіберген Қостанай облысының аумағындағы қызметкерлерге;

2) уәкілетті орган Қостанай облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеу үшін жіберілген және жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан, осы Қағидаларда белгіленген қызметкерлер санатына жататын, алған мамандығы бойынша еңбек қызметіне алғаш рет кірісетін түлектер;

3) Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген, уәкілетті орган Қостанай облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеу үшін жіберілген қызметкерлерге, жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан Қостанай облысына келген күннен бастап бір жыл ішінде жұмысқа жолдама алуға өтініш білдірген жағдайда.

5. Әлеуметтік қолдау шаралары мына адамдарға қолданылмайды:

1) осы Қағидалар шеңберінде бұрын алынған ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;

2) Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан келген және бұрынғы жұмыс орны бойынша бұрын алынған әлеуметтік қолдауды қайтару бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдар.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді тексеруді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұратулар жіберу арқылы дербес жүзеге асырады.

6. Міндетті жұмыспен өтеу мерзіміне уақыт қосылмайды:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста;

2) қызметкер үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болғанда;

3) қатарынан екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде;

4) резидентурада немесе магистратурада оқу.

Осы тармақта көрсетілген кезеңдер міндетті жұмыспен өтеу мерзіміне есептелмейді және оны тиісті ұзартуға әкеп соғады.

7. Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган:

1) жыл сайын Қостанай облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық кадрларға сұранысқа талдау жүргізеді;

2) қызметкердің өтініші бойынша жұмыс үшін жолдама береді;

3) әлеуметтік қолдау шаралары және бос лауазымдар туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етеді;

4) жыл сайын медициналық ұйымдардың жинақталу көрсеткіштерін, сондай-ақ кадрлардың қозғалысын және кадр ресурстарымен қамтамасыз етілуін сипаттайтын көрсеткіштерді қоса алғанда, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тиімділігіне талдауды жүзеге асырады және тиісті ақпаратты ресми интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етеді;

5) тиісті қаржы жылына әлеуметтік көмектің жоспарланатын сомасын қарастырады.

2-тарау. Уәкілетті органның комиссиясы

8. Уәкілетті орган қызметкерлердің өтініштерін қарау үшін уәкілетті органның қызметкерлері арасынан комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

9. Комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

10. Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды.

11. Лауазымы бойынша уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес адам Комиссия төрағасы болып табылады.

12. Комиссия хатшысы: комиссия отырыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; отырыстардың хаттамаларын жүргізеді; комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

13. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

14. Комиссия шешімдері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің қалыпты көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

15. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

3-тарау. Жұмыс үшін жолдама беру тәртібі

16. Жұмыс үшін жолдама өтініш сипатында болады және қызметкердің өтініші негізінде беріледі.

Әлеуметтік көмек алу үшін қызметкер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жазбаша немесе электрондық нысанда өтінішпен жүгінеді.

17. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) маман сертификатының көшірмесі;

4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер үшін – интернатурадан, резидентурадан немесе ординатурадан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) жұмыс өтілі бар мамандар үшін – біліктілікті арттыру және (немесе) үздіксіз кәсіби даму туралы құжаттардың көшірмелері (бар болса);

6) басқа облыстардан келген қызметкерлер үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметі туралы мәліметтер;

7) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік цифрлық жүйелердегі мәліметтерді уәкілетті орган дербес сұратады.
Өтініште қызметкер «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

18. Уәкілетті орган өтінішті Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) талаптарына сәйкес қарайды.

19. Комиссия дәлелді негіздемемен жұмыс үшін жолдама беру немесе жұмыс үшін жолдаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

20. Жұмыс үшін жолдамада: қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, әлеуметтік қолдау мөлшері, жұмыс орны, міндетті жұмыс істеу мерзімі, осы Қағидаларда көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

21. Жұмыс үшін жолдама әлеуметтік көмек алу үшін жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

4-тарау. Жұмысқа орналастыру және жұмыс фактісін растау

22. Қызметкер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушімен еңбек шартын жасасады.

23. Жұмыс беруші уәкілетті органға шарт жасалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қызметкермен шарт жасасқаны туралы хабарлайды және жұмысқа орналасу фактісін растайтын құжаттың көшірмесін жібереді.

5-тарау. Үш жақты келісім және әлеуметтік қолдау

24. Жұмысқа орналасу фактісі расталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган қызметкер, жұмыс беруші және уәкілетті орган арасында үшжақты келісім (бұдан әрі – келісім) жасасады.

25. Келісімде мыналар көзделеді:

міндетті жұмыспен өтеу мерзімі;
әлеуметтік қолдау мөлшері;
еңбек шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда әлеуметтік көмекті қайтару шарттары;
міндетті жұмыс істеу мерзімінің бұзылуына байланысты туындайтын еңбек дауларын реттеу шарттары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленген әлеуметтік қолдауды ерікті және (немесе) мәжбүрлеп қайтару шарттары;
тараптардың келісімі бойынша осы еңбек және азаматтық заңнаманың Қағидалары мен нормаларында көзделген өзге де шарттар.
Көрсетілген келісімнен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

26. Әлеуметтік қолдау еңбек шарты мен келісім жасалғаннан кейін қызметкердің банктік шотына ақша аудару арқылы ұсынылады.

6-тарау. Еңбек шарты тоқтатылған немесе қызметкер басқа жұмыс берушіге ауысқан кезде әлеуметтік қолдауды реттеу тәртібі

27. Қызметкермен еңбек шарты осы Қағидаларда белгіленген міндетті жұмыс істеу мерзімі өткенге дейін тоқтатылған жағдайда, осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ұсынылған әлеуметтік қолдау ерікті және (немесе) сот тәртібімен еңбек шартында және (немесе) келісімде көзделген міндетті жұмыспен өтеудің жұмыс істемеген мерзіміне барабар облыстық бюджетке қайтарылуға жатады.

28. Осы Қағидаларда белгіленген міндетті жұмыспен өтеу мерзімі ішінде қызметкердің Қостанай облысының аумағында орналасқан басқа жұмыс берушіге ауысуы төмендегі шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда әлеуметтік қолдау сомаларын қайтаруға негіз болып табылмайды:

1) ауысу уәкілетті органмен келісілген және бос орындар болған кезде жүзеге асырылады. Уәкілетті органмен келісу өтініш сипатында болады және ҚР ӘРПК тәртібімен қаралады;

2) қызметкер осы Қағидада белгіленген міндетті еңбек өтеу мерзімінің кемінде жартысын бастапқы тағайындалған жері бойынша іс жүзінде өтесе;

3) жұмыс берушімен жаңа еңбек шарты алдыңғы еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде жасалса.

29. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген жағдайда міндетті жұмыспен өтеу мерзімінің өтуі қызметкер, жұмыс беруші және уәкілетті орган арасында жаңа еңбек шарты мен жаңа келісім жасалған күннен бастап қайта басталады.

30. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген жағдайда:

1) егер жаңа жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау мөлшері бұрын төленген әлеуметтік қолдау сомасының мөлшерінен төмен болса, онда облыстық бюджетке қайтаруға бұрын төленген сома мен жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік үшін белгіленген мөлшер арасындағы міндетті жұмыспен өтеудің жұмыс істемеген мерзіміне барабар айырма жатады;

2) егер жаңа жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау мөлшері қызметкерге бұрын төленген әлеуметтік қолдау мөлшерінің сомасынан артық болса, қосымша ақы мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде жүргізіледі:

жаңа еңбек шарты міндетті жұмыспен өтеудің қалған мерзімінен кем емес мерзімге жасалса;
қызметкер бұрын осы Қағида шеңберінде қосымша ақы алмаса.
Қосымша төлем мөлшері жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік үшін белгіленген әлеуметтік қолдау мөлшері мен қызметкерге бұрын нақты төленген әлеуметтік қолдау мөлшері арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Қосымша төлем міндетті жұмыспен өтеудің қалған мерзіміне пропорционалды түрде жүргізіледі.

31. Қосымша ақы алу үшін қызметкер жаңа еңбек шартының жасалғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

Уәкілетті орган өтінішті ҚР ӘРПК талаптарына сәйкес қарайды.

32. Қосымша ақы төлеу қызметкердің банктік шотына қаражат аудару арқылы оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде біржолғы жүзеге асырылады.

33. Қызметкермен еңбек шарты осы Қағидаларда белгіленген міндетті жұмыс істеу мерзімі өткенге дейін тоқтатылған жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды және қызметкерге әлеуметтік қолдауды қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді.