Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»

Ереже · № 170 · қабылданған 23.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2020-no-543/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета» Қолданыста Ереже ·№ 170 ·23.10.2024
23.10.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»

Қолданыста Ереже ·№ 170 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 9 октября 2020 года № 543 «Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
170
Қабылданған күні
23.10.2024
Көрсетілген редакция
23.10.2024 202306_726450.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24N1030310
ЭКБ идентификаторы
202306
Редакция идентификаторы
202306_726450
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:04

0

Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9499 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағида), осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:
Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде;
Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Арқалық қаласына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Арқалық қаласына 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлерімен (бұдан әрі – қызметкер) еңбек шартын жасасады.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін, ұсынылған әлеуметтік қолдау қызметкерде сақталмайды және ерікті және (немесе) сот тәртібімен толық көлемде қайтарылуға жатады.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды және бұрын төленген ақша қаражатының сомасын қайтару бойынша шаралар қабылдайды.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы