О внесении изменений в решение Сайрамского районного маслихата Туркестанской области от 9 октября 2020 года № 59-364/VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Сайрамскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сайрамского районного маслихата Туркестанской области от 9 октября 2020 года № 59-364/VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Сайрамскому району»
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-364/VI «Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26-195/VIII
- Қабылданған күні
- 27.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2025 208569_749957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25UJ667313
- ЭКБ идентификаторы
- 208569
- Редакция идентификаторы
- 208569_749957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:24
0 Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-364/VI «Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-364/VI «Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5857 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
"Сайрам аудандық маслихаты"
2025 жылғы 27 наурыздағы
№ 26-195/VIII шешіміне 1 қосымша
Сайрам аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№59-364/VI шешімінің
1 қосымшасы
Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Сайрам ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1 1. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2 2. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын біріңғай мөлшерде айқындалады.
6 Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
"Сайрам аудандық маслихаты"
2025 жылғы 27 наурыздағы
№ 26-195/VIII
шешіміне 2 қосымша
Сайрам аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№59-364/VI шешімінің
2 қосымшасы
Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1 1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын санаттары;
2
2. «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар, мемлекеттік қызметшілер.