О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 9 марта 2021 года № 4/17-VII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Туркестан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 9 марта 2021 года № 4/17-VII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Туркестан»
- Атауы (қаз.)
- Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/87-VII
- Қабылданған күні
- 01.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 168580_671783.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22UD027495
- ЭКБ идентификаторы
- 168580
- Редакция идентификаторы
- 168580_671783
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:44
0 Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы №4/17-VII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6096 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардағы:
6-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқандар қатарындағы ақталған адамдарға, біржолғы 52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
8-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:»;
8-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«медициналық ұйымдардың ұсынған тізімі бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».