О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Житикары Житикаринского района Костанайской области от 9 июня 2021 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Қолданыста
Өзге акт
·№ 11
·
30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Житикары Житикаринского района Костанайской области от 9 июня 2021 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 7 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 09.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2021 158642_538442.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NJ024373
- ЭКБ идентификаторы
- 158642
- Редакция идентификаторы
- 158642_538442
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:50
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 7 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 01-20/374 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1 1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 59-үй бойынша орналасқан Ж.С. Аметовтың жеке ауласының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы № 7, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23043 болып тіркелген)
шешімінің күші жойылды деп танылсын.