О внесении дополнений в решение маслихата от 9 июля 2021 года № 75 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение маслихата от 9 июля 2021 года № 75 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 189
- Қабылданған күні
- 17.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.12.2024 204558_736795.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24N000189M
- ЭКБ идентификаторы
- 204558
- Редакция идентификаторы
- 204558_736795
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:49
0
Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 23595 болып тiркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-тармақтарымен толықтырылсын:
«21. «Адамның С1-эстераза ингибиторы» препараты, комплимент жүйесінде басым ақауымен бастапқы иммунитет тапшылығы ауруы бар азаматтарға.
22. «Селексипаг» препараты, идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.
23. «Рилузол» препараты, амиотрофиялық бүйірлік склероз, прогрессивті жұлын бұлшықет атрофиясы ауруы бар азаматтарға.
24. «Кладрибин» препараты, жайылған склероз ауруы бар азаматтарға.
25. «Омализумаб» препараты, ересектерде бронх демікпесі ауруы бар азаматтарға.
26. «Гидрокортизон» препараты, бүйрек үсті безінің қыртысының туа біткен дисфункциясы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балаларға.
27. «Канакинумаб» препараты, криопиринмен байланысты мерзімді синдромдары бар азаматтарға (CAPS).
28. «Паливизумаб» препараты, бронхопульмональды дисплазиясы ауруы бар балаларға.
29. «Мацитентан» препараты, идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.
30. «Апалутамид» препараты, онкологиямен ауыратын азаматтарға.
31. «Селуметиниб» препараты, I типті нейрофиброматоз ауруы бар азаматтарға.».