О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 9 июля 2021 года № 75 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 9 июля 2021 года № 75 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно»
- Атауы (қаз.)
- «Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 21.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2025 212755_767137.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25N000235M
- ЭКБ идентификаторы
- 212755
- Редакция идентификаторы
- 212755_767137
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:11
0
«Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23595 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
8, 9, 10, 11, 12, 13, 30-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32, 33, 34, 35, 36-тармақтармен толықтырылсын:
«32. «Рисдиплам» препараты, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, жұлын бұлшықет атрофиясы ауруы бар азаматтарға.
33. «Голимумаб» препараты, кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді.
34. «Тофацитиниб» препараты, кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға таблетка.
35. «Анакинра» препараты, инъекцияға арналған ерітінді, ювеналды идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға.
36. «Алпелисиб» препараты, онкологиялық аурулары бар азаматтарға таблетка.»;
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ингаляциялық енгізуге арналған натрий хлориді мен натрий гиалуронатының стерильді ерітіндісі, ауруы бар азаматтарға муковисцидоз (муковисцидоз).».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
________________ А. Доспанов
«___» _____________ 2025 жыл