Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 июня 2021 года № С-7/6 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества на территории поселка Станционный»

Өзге акт · № С-9/10 · қабылданған 02.09.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2021-no-76/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 июня 2021 года № С-7/6 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества на территории поселка Станционный» Күшін жойған Өзге акт ·№ С-9/10 ·02.09.2021
26.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 июня 2021 года № С-7/6 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества на территории поселка Станционный»

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-9/10 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 июня 2021 года № С-7/6 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества на территории поселка Станционный»
Атауы (қаз.)
Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 маусымдағы № С-7/6 «Станционный кентінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-9/10
Қабылданған күні
02.09.2021
Көрсетілген редакция
26.11.2021 158601_547433.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21BA00910M
ЭКБ идентификаторы
158601
Редакция идентификаторы
158601_547433
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:57

0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 маусымдағы № С-7/6 «Станционный кентінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 маусымдағы № С-7/6 «Станционный кентінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Станционный кентінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Станционный кенті бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Станционный кентінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Станционный кенті әкімі аппаратының шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Станционный кенті бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Станционный кентінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Станционный кенті әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Көкшетау қаласы әкімінің Станционный кенті әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
Станционный кенті әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
Станционный кенті әкімінің аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада Станционный кенті әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Станционный кент әкіміне беріледі.
Станционный кенті әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Көкшетау қалалық маслихатының қарауына беріледі.
13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Станционный кенті әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Станционный кенті әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Станционный кенті әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті Көкшетау қалалық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Станционный кенті әкімінің м.а.
Ә. Төлебаев
2021 жылғы «»

Қолданыстағы