Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Нуринского районного маслихата от 9 декабря 2021 года № 95 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Нуринскому району»

Өзге акт · № 38 · қабылданған 13.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2021-no-95/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Нуринского районного маслихата от 9 декабря 2021 года № 95 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Нуринскому району» Қолданыста Өзге акт ·№ 38 ·13.07.2023
13.07.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Нуринского районного маслихата от 9 декабря 2021 года № 95 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Нуринскому району»

Қолданыста Өзге акт ·№ 38 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Нуринского районного маслихата от 9 декабря 2021 года № 95 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Нуринскому району»
Атауы (қаз.)
Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 «Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
13.07.2023
Көрсетілген редакция
13.07.2023 184037_641961.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KN647209
ЭКБ идентификаторы
184037
Редакция идентификаторы
184037_641961
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:53

0 Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 «Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Нұра аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 «Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25702 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Нұра аудандық мәслихатының
2023 жылғы 13 шілдедегі
№ 38
шешіміне қосымша
Нұра аудандық мәслихатының
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 95
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы
1
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
2
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
3
Толық емес отбасылар.
4
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру Қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.

Қолданыстағы