О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 9 июня 2022 года № 46/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 9 июня 2022 года № 46/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 06/01
- Қабылданған күні
- 01.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2023 178462_617122.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KO635509
- ЭКБ идентификаторы
- 178462
- Редакция идентификаторы
- 178462_617122
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:30
0 Осакаров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осакаров ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
1) жүріп - тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар».