Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня 2022 года № ҚР ДСМ-50 «Об утверждении Правил выдачи экспертного заключения на соответствие характеристик технической спецификации для закупа медицинской техники»

Бұйрық · № 108 · қабылданған 07.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2022-no-50/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня 2022 года № ҚР ДСМ-50 «Об утверждении Правил выдачи экспертного заключения на соответствие характеристик технической спецификации для закупа медицинской техники» Қолданыста Бұйрық ·№ 108 ·07.06.2023
07.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня 2022 года № ҚР ДСМ-50 «Об утверждении Правил выдачи экспертного заключения на соответствие характеристик технической спецификации для закупа медицинской техники»

Қолданыста Бұйрық ·№ 108 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня 2022 года № ҚР ДСМ-50 «Об утверждении Правил выдачи экспертного заключения на соответствие характеристик технической спецификации для закупа медицинской техники»
Атауы (қаз.)
«Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № ҚР ДСМ-50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
108
Қабылданған күні
07.06.2023
Көрсетілген редакция
07.06.2023 182695_638159.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032734
ЭКБ идентификаторы
182695
Редакция идентификаторы
182695_638159
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:29

0 «Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № ҚР ДСМ-50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № ҚР ДСМ-50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28429 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысының 153-тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
Осы бұйрықпен бекітілген медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысының 153-тармағына сәйкес әзірленді.»;
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сараптама ұйымы қорытынды беру үшін өтініш беруші ұсынған медициналық техниканы әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделінің техникалық сипаттамалары бар техникалық ерекшеліктің функционалдық параметрлеріне және жиынтығына салыстырмалы талдау жүргізеді.
5. Қорытынды беру үшін өтініш беруші сараптама ұйымына:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканы әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделін сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтінішті;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық сәйкес келетін ұқсас медициналық техниканың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар мен материалдарды береді.
Өтініш беруші ұқсас техниканы таңдағанда салыстырылатын модельдердің техникалық сипаттамаларын, мүмкіндіктері мен жиынтығын ескереді.
6. Сараптама ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салыстырмалы талдау қорытындылары бойынша қорытынды беруді жүзеге асырады.
Қорытынды беру кезінде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің материалдары, тиісті тіркеу дерекнамасының құжаттары және өндірушінің ресми сайтында орналастырылған ақпарат ескеріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 2 – қосымшалар осы бұйрыққа 1,2 – қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 108 Бұйрыққа
1-қосымша
Медициналық техниканы
сатып алу үшін техникалық
ерекшеліктің сипаттамаға
сәйкестігіне сараптамалық
қорытынды беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Сараптама ұйымының атауы
____________________________
Медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктің
сипаттамаға сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш
20___ жылғы «____»__________
1. Өтініш берушінің толық атауы (меншік нысанын көрсете отырып)
2. Медициналық техника туралы мәліметтер
Медициналық техниканың атауы
Сатып алу себептері (алғаш рет, ескінің орнына және өзгелер)
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы мәліметтері
Бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жобаны іске асыруға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Нақты мекенжайы (пошталық мекенжайы)
Заңды мекенжайы
Банк деректемелері
ЖСН (БСН),
БСК,
ЖСК,
Кбе16
Банк -
Жұмыс телефоны (бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның)
Мобильді телефон
Жұмыс телефоны (медициналық техниканы сатып алуға жауапты адамның)
Медициналық техниканы сатып алуға жауапты тұлғаның ұялы телефоны, медициналық техниканы сатып алуға жауапты адамның
Факс
e-mail
4. Техникалық сипаттамалары
Техникалық ерекшеліктен медициналық техниканың салыстырмалы параметрлері мен жиынтықтары
Медициналық техниканың техникалық ерекшелік параметрлерінің және жиынтықтың мәні
Медициналық техниканың моделі *
1-ші медициналық техниканың моделі
2-ші медициналық техниканың моделі
Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____
Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____
Ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығына, толықтығына және мазмұнына кепілдік беремін және растаймын.
Аббревиатура:
ЖСН (БСН) – Жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес сәйкестендіру нөмірі).
БСК – Банктік сәйкестендіру коды.
ЖСК – Клиенттің жеке сәйкестендіру коды.
Кбе 16 – Бенефициар коды.
Басшының
немесе оны алмастыратын тұлғаның __________________ ______
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

2 Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамасының сәйкестігіне 20___ жылғы «____» __________ №___________ қорытынды

Бұйрыққа 2 қосымша
Медициналық техниканы
сатып алу үшін техникалық
ерекшеліктің сипаттамаға
сәйкестігіне сараптамалық
қорытынды беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
лауазымы____________
___________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
қолы_____________
күні _________________
Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің
сипаттамасының сәйкестігіне 20___ жылғы «____» __________
№___________ қорытынды
1. Жалпы ақпарат:
1. Өтініш берушінің атауы (меншік нысанын көрсете отырып) –
2. Өтініш берушінің заңды мекенжайы –
3. Ұйым басшысы немесе оны алмастыратын тұлға –
4. Жобаны жүзеге асыруға жауапты тұлға –
5. Өтінім нөмірі және күні –
6. Шарт № және күні –
7. Медициналық техниканың атауы –
8. Медициналық техниканы қолдану саласы –
2. Жүргізілген сараптама нәтижесі:

Техникалық ерекшелікпен медициналық техниканың салыстырмалы параметрлері және жиынтықтары
Медициналық техниканың техникалық ерекшелік параметрлерінің және жиынтықтың мәні
1-ші медициналық техниканың моделі Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____
1-ші медициналық техниканың моделі Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____
Сәйкестік
Қорытынды:
1. _____________________________________________________________
_______________________________________________________________
сәйкес келеді:
2. __________________________________________________________________
байланысты_________________________________________________________
сәйкес келмейді:
Сарапшы________________________________________ ______________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
немесе оны алмастыратын тұлға __________________________ _________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

Қолданыстағы