Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2023 года № 104 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье Конституционного Суда Республики Казахстан»

Қаулы · № 250 · қабылданған 01.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2023-no-104/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2023 года № 104 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье Конституционного Суда Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 250 ·01.04.2024
01.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2023 года № 104 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье Конституционного Суда Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 250 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2023 года № 104 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье Конституционного Суда Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
250
Қабылданған күні
01.04.2024
Көрсетілген редакция
01.04.2024 195179_692086.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000250
ЭКБ идентификаторы
195179
Редакция идентификаторы
195179_692086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:13

0 «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу тоқтатыла тұрған, қайта басталған және тоқтатылған жағдайларда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеудің тоқтатып қойылғаны, қайта басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы