Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 9 июня 2023 года № 577 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства обороны Республики Казахстан»

Бұйрық · № 824 · қабылданған 24.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2023-no-577/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 9 июня 2023 года № 577 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста 24.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 9 июня 2023 года № 577 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства обороны Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық № 824 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 9 июня 2023 года № 577 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства обороны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 577 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
824
Қабылданған күні
24.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.08.2026
Көрсетілген редакция
24.07.2026 228108_834696.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26B0000824
ЭКБ идентификаторы
228108
Редакция идентификаторы
228108_834696
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:44
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

2023 жылғы 9 маусымдағы № 577 бұйрығының күші жойылды деп
тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 577 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182910 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.