О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2024 года № 214/НҚ «Об утверждении требований к субъекту предпринимательства для заключения партнерского соглашения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2024 года № 214/НҚ «Об утверждении требований к субъекту предпринимательства для заключения партнерского соглашения»
- Атауы (қаз.)
- «Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 511/НҚ
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229328_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039693
- ЭКБ идентификаторы
- 229328
- Редакция идентификаторы
- I229328_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 29.08.2026 03:30
0 «Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 34250 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 451) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілер әріптестік келісім жасасу үшін дербес деректерді қарғауды, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде, «Киберқауіпсіздік туралы» және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарда белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу кезінде әріптестік келісім жасасу үшін осы кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптардың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы Мемлекеттік корпорацияның жазбаша растамасын ескереді.».
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі