О внесении дополнения и изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 ноября 2024 года № 777 «Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» руководителей территориальных подразделений Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан и их заместителей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 ноября 2024 года № 777 «Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» руководителей территориальных подразделений Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан и их заместителей»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы №777 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 341
- Қабылданған күні
- 19.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2025 210550_759546.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25RR000341
- ЭКБ идентификаторы
- 210550
- Редакция идентификаторы
- 210550_759546
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:19
0
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы №777 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы №777 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрық мынадай редакцияда 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін бес жұмыс күннің ішінде:
1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 24 сәуірдегі туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.».