О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского городского маслихата от 9 апреля 2026 года № 314/41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского городского маслихата от 9 апреля 2026 года № 314/41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре»
- Атауы (қаз.)
- «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 314/41 Павлодар қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 345/46
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 I229624_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26PA34546M
- ЭКБ идентификаторы
- 229624
- Редакция идентификаторы
- I229624_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.09.2026 03:31
0 «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 314/41 Павлодар қалалық мәслихатының шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 314/41 Павлодар қалалық мәслихатының шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр - Жеңіс күні;
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 1 қазан- Карттар күні;
8) 25 қазан - Қазақстан Республикасы күні;
9) 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.»;
7-тармақтың 1) тармақшасының елу бірінші және елу екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 4 (төрт) АЕК мөлшерінде;»;
7-тармақтың 1) тармақшасының елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы және елу жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде;
1, 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде, әлеуметтік көмек көрсету уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде, әлеуметтік көмек көрсету уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;»;
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуына байланысты әлеуметтік көмек:
«Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі негізінде қатерлі ісіктері бар тұлғаларға бір реттік әлеуметтік көмек 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде адамның иммун тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір реттік әлеуметтік көмек 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде ай сайынғы әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның иммун тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін балаларға;
Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ұсынған тізімі негізінде психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде орфандық ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде нерв жүйесінің дегенеративті ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде эпилепсия ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде ми тамырларының аурулары (инсульттер) (1 жыл ішінде) зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;»;
7-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек:
пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұрғылықты жері бойынша тұратын және тіркелген барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға (ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарамастан), көпбалалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған), өтініш берген мерзімде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасыларға, қатты отын сатып алуға бір реттік көмек 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді (табыстарына қарамастан әлеуметтік көмек алуға арналған, тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер беріледі), тұрғын үйге меншіктеу (пайдалану) құқығын растайтын құжаттын көшірмесін немесе нотариалды расталған жалға алу келісімшартын, пеш жылытуын растайтын құжатты қоса отырып өтініш негізінде.».