Қаланың жекелеген көшелеріне aт қою және атауларын өзгерту туралы
“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына және қала әкімі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2005 жылғы 23 маусымдағы кезекті отырысының хаттамасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ және қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қаланың жекелеген көшелеріне aт қою және атауларын өзгерту туралы от 05.04.2006 г. № 2 (Қаланың жекелеген көшелеріне aт қою және атауларын өзгерту туралы)
1. Қаланың жекелеген көшелеріне төменде көрсетілген есімдер берілсін және есімдері өзгертілсін:
1) “Құмтиін” елді мекеніндегі жаңа бір көшеге Нүрділла Исатаевтің есімі берілсін.
2) Түркістан қаласы Бекзат мөлтек ауданындағы Фадеев көшесі - Төле Бәйтерекұлы көшесі деп өзгертілсін.
3) “Шорнақ” аулының жаңа бір көшесіне Қуатбек Темірбаевтің есімі берілсін.
4) “Иассы” ауылдық округіндегі жаңадан салынғалы жатқан мектептің жанындағы I - квартал 5 - ші көшеге жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың есімі берілсін.
5) “Иассы” ауылдық округіндегі № 20 мектептің жанындағы аты жоқ көшеге Ізбасар Мұсақұловтың есімі берілсін.
6) “Иассы” ауылдық округіндегі I - кварталдағы жаңа көшеге Талха Әйменовтың есімі берілсін.
7) “Иассы” ауылдық округіндегі I - кварталдағы 6 көшеге Орынбай Дастановтың есімі берілсін.
8) Түркістан қаласының Бекзат мөлтек ауданындағы Достаевский көшесі - ақын Тәушен Әбуова көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешім Түркістан қалалық әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.