Қаланың жекелеген көшелеріне aт қою және атауларын өзгерту туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаланың жекелеген көшелеріне aт қою және атауларын өзгерту туралы “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына және қала әкімі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2005 жылғы 23 маусымдағы кезекті отырысының хаттамасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ және қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаланың жекелеген көшелеріне төменде көрсетілген есімдер берілсін және есімдері өзгертілсін:
Тармақша 1
1) “Құмтиін” елді мекеніндегі жаңа бір көшеге Нүрділла Исатаевтің есімі берілсін.
Тармақша 2
2) Түркістан қаласы Бекзат мөлтек ауданындағы Фадеев көшесі - Төле Бәйтерекұлы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақша 3
3) “Шорнақ” аулының жаңа бір көшесіне Қуатбек Темірбаевтің есімі берілсін.
Тармақша 4
4) “Иассы” ауылдық округіндегі жаңадан салынғалы жатқан мектептің жанындағы I - квартал 5 - ші көшеге жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың есімі берілсін.
Тармақша 5
5) “Иассы” ауылдық округіндегі № 20 мектептің жанындағы аты жоқ көшеге Ізбасар Мұсақұловтың есімі берілсін.
Тармақша 6
6) “Иассы” ауылдық округіндегі I - кварталдағы жаңа көшеге Талха Әйменовтың есімі берілсін.
Тармақша 7
7) “Иассы” ауылдық округіндегі I - кварталдағы 6 көшеге Орынбай Дастановтың есімі берілсін.
Тармақша 8
8) Түркістан қаласының Бекзат мөлтек ауданындағы Достаевский көшесі - ақын Тәушен Әбуова көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Түркістан қалалық әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.