Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Alkord»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Alkord»
- Атауы (қаз.)
- «Alkord» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-7/221
- Қабылданған күні
- 31.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2024 199455_714109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24BQ07221A
- ЭКБ идентификаторы
- 199455
- Редакция идентификаторы
- 199455_714109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:17
0 «Alkord» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7194-23-00-4/3463 Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Alkord» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес 30 жыл мерзімге қоғамдық мүдделерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде және Целиноград ауданының қорындағы жерлерінде жария сервитут белгіленсін.
2 2. «Alkord» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі және Целиноград ауданының босалқы жерлеріндегі аңшылық алқаптарының аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық аулау саласындағы қызметтерді жүзеге асырсын.
3 3. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберсін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
4 4. Целиноград ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 03 мамырдағы № А-5/134 «Alkord» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы қаулысының күші жойылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Е. К. Жиенбековке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қоғамдық сервитут белгіленетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және Целиноград ауданының қорындағы жерлер
Целиноград ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «31» шілдедегі
№ А-7/221 қаулысына
Қосымша
Қоғамдық сервитут белгіленетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және Целиноград ауданының қорындағы жерлер
р.б№
Объектінің атауы
Көлдің координаттары
Ауданы, га
Ауылдық округтің атауы
солтүстік ендік
шығыс бойлық
1
Жарлыкөл көлінің айналасындағы жағалау аймағы
50.610770
70.972181
103,5 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі)
Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы
2
Ұзынкөл көлінің айналасындағы жағалау аймағы
50.570984
70.884392
73 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі)
Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы
3
Аши-Құмкөл көлінің айналасындағы жағалау аймағы
50.555597
70.789264
99 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі)
Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы
4
Шоктал бөгетінің айналасындағы жағалау аймағы
50.512464
70.991982
23,45 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі)
Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы