Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «ARES PROJECT»

Қаулы · № 31 · қабылданған 25.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/ares-project-ekb-179059/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «ARES PROJECT» Қолданыста Қаулы ·№ 31 ·25.01.2023
25.01.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «ARES PROJECT»

Қолданыста Қаулы ·№ 31 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «ARES PROJECT»
Атауы (қаз.)
«ARES PROJECT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
31
Қабылданған күні
25.01.2023
Көрсетілген редакция
25.01.2023 179059_622366.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NC00031A
ЭКБ идентификаторы
179059
Редакция идентификаторы
179059_622366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:33

0 «ARES PROJECT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69 және 71-1-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «ARES PROJECT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Арқалық қаласы, Қостанай облысы, Жаңақала ауылының (елді мекен шегінен тыс), Екідін ауылының (елді мекен шегінен тыс) аумағында орналасқан жалпы алаңы 1464,8 гектар, жер учаскесіне 2028 жылғы 21 қарашаға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы