Некоторые вопросы товарищества с ограниченной ответственностью "Astana Ballet"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы товарищества с ограниченной ответственностью "Astana Ballet"
- Атауы (қаз.)
- "Astana Ballet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1208
- Қабылданған күні
- 12.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI75255_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001208
- ЭКБ идентификаторы
- 75255
- Редакция идентификаторы
- AI75255_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:54
0 "Astana Ballet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері
«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Н. Назарбаевтың мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қоры» жеке қорының (бұдан әрі – Қор) «Astana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы 100 пайыз мөлшеріндегі қатысу үлесін республикалық меншікке беру туралы Қордың ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2 2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1208 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-163-жолмен толықтырылсын:
21-163 «21-163. «Astana Ballet» ЖШС».
2 2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне» туралы деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-33-2-жолмен толықтырылсын:
«224-33-2 «Astana Ballet» ЖШС».