О переименовании товарищества с ограниченной ответственностью "Astana Ballet"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании товарищества с ограниченной ответственностью "Astana Ballet"
- Атауы (қаз.)
- "Astana Ballet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1112
- Қабылданған күні
- 20.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 83841_675768.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001112
- ЭКБ идентификаторы
- 83841
- Редакция идентификаторы
- 83841_675768
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:16
0 "Astana Ballet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аstana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Астана Балет» театры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 1112 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-163-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-163. «Астана Балет» театры» ЖШС».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 224-33-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«224-33-2. «Астана Балет» театры» ЖШС».