Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичного сервитута) на земельные участки товариществу с ограниченной ответственностью «BAITASGEOLOGY»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичного сервитута) на земельные участки товариществу с ограниченной ответственностью «BAITASGEOLOGY»
- Атауы (қаз.)
- «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер теліміне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 04.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2025 209342_762085.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25SK00118A
- ЭКБ идентификаторы
- 209342
- Редакция идентификаторы
- 209342_762085
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:11
0 «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер теліміне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 2025 жылғы 10 ақпандағы №3129-EL лицензиясы және сұралған жер телімдері бойынша мәліметтер негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2031 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімге жер және табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Тайынша ауданының Драгомировка ауылдық округінде пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу мақсаттары үшін, жер пайдаланушылардан (егер осындай бар болса) алып қоюсыз, барлығы жалпы алаңы 155,08 гектар, босалқы жерлер алаңы (көрсетілген схемаға сәйкес) 19,49 гектар, кадастрлық нөмірлерімен и 15-164-074-092 - 2,91 гектар, 15-164-074-105 - 6,84 гектар, 15-164-074-079 - 16,08 гектар, 15-164-074-038 - 70,08 гектар,15-164-074-048 - 39,68 гектар жер телімдерін уақытша пайдалану үшін, «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгіленсін.
2
2. «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізгенге дейін осы жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жер пайдаланушылармен жер телімінің орналасқан жері бойынша, көрсетілген жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орны бойынша, шығындарды өтеу және жерлерді мақсаты бойынша пайдалануға жарамды бастапқы жай-күйге келтіру бойынша шарттар жасассын, сондай-ақ есте сақтаған жөн, осы талаптар орындалмаған жағдайда, осы қаулының күші жойылуы мүмкін.
3
3. «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша іс-шараларды (жерді қайта қалпына келтіру жобасы бойынша) орындасын және оларды іздестіру жұмыстары жүргізілген жерге барып, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде акт бойынша аудандық комиссияға тапсырсын.