Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Barakat Minerals»

Қаулы · № 254 · қабылданған 09.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/barakat-minerals-ekb-229959/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Barakat Minerals» Қолданыста Қаулы ·№ 254 ·09.09.2026
09.09.2026 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Barakat Minerals»

Қолданыста Қаулы ·№ 254 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Barakat Minerals»
Атауы (қаз.)
«Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
254
Қабылданған күні
09.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
09.09.2026
Көрсетілген редакция
09.09.2026 I229959_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26KM00254A
ЭКБ идентификаторы
229959
Редакция идентификаторы
I229959_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.09.2026 03:31

0 «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 17 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 1124,4977 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

2. «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

0 «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2020 жылғы 17 қарашадағы №957-EL лицензиясы, 2026 жылғы 12 маусымдағы лицензияны ұзарту)

Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «____» ________
№ _____ қаулысына
қосымша
«Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2020 жылғы 17 қарашадағы №957-EL лицензиясы, 2026 жылғы 12 маусымдағы лицензияны ұзарту)

Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Исин Кайржан Несипбекович
09:133:046:053
125,0000
110,0470
2
Исин Кайржан Несипбекович
09:133:029:162
399,3000
94,4014
3
ШҚ «Ақдоңғал» басшысы Сыдын Алмасбек
09:133:029:034
391,0000
43,6340
4
Ғабдулла Ерлан Қанатұлы
09:133:056:069
800,0000
79,9335
5
Исин Кайржан Несипбекович
09:133:046:068
1000,0000
566,1769
6
Даутов Талгат Жумагулович
09:133:029:147
625,0000
41,2670
7
Шурабаев Нуркен Тулеутасович
09:133:046:059
50,0000
17,2670
8
Рысбек Диаса Мейрамұлы
09:133:046:1004
250,0000
17,3706
9
Босалқы жерлер
09:133:046:
154,4003
Барлығы
1124,4977

Қолданыстағы