Об установлении публичного сервитута частной компании «Bataly Minerals Ltd.»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута частной компании «Bataly Minerals Ltd.»
- Атауы (қаз.)
- «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясына жария сервитуті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 30.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2026 228327_833190.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NHA0003B
- ЭКБ идентификаторы
- 228327
- Редакция идентификаторы
- 228327_833190
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 08.08.2026 03:31
0 «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясына
жария сервитуті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 25 ақпандағы № 2910-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі Жалтыркөл ауылының ауыл шаруашылығы жерлерінде алаңы 157,5 гектар пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясына 2033 жылғы 7 ақпанға дейін жария сервитут белгіленсін.
2 2. «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясы жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерде рекультивациялауды жүргізсін.
3 3. «Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;