Құжат мәтініне өту

Об установлении cтоимости разовых талонов по предпринимательской деятельности физических лиц носящий эпизодический характер на территории города Жезказгана на 2009 год

Өзге акт · № 11/120 · қабылданған 23.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/c-2009/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении cтоимости разовых талонов по предпринимательской деятельности физических лиц носящий эпизодический характер на территории города Жезказгана на 2009 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/120 ·23.12.2008
22.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении cтоимости разовых талонов по предпринимательской деятельности физических лиц носящий эпизодический характер на территории города Жезказгана на 2009 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/120 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении cтоимости разовых талонов по предпринимательской деятельности физических лиц носящий эпизодический характер на территории города Жезказгана на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/120
Қабылданған күні
23.12.2008
Көрсетілген редакция
22.12.2009 43222_178051.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KB000074
ЭКБ идентификаторы
43222
Редакция идентификаторы
43222_178051
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:16

0 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасы белгіленсін.

2

2. "2008 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы" қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 3/31 (2008 жылдың 30 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-57 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 8 ақпанында "Сарыарқа" газетінің 11 (7372) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.

3 3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

Келісілді:
Жезқазған қаласы
бойынша салық
басқармасының бастығы
Б.Д. Ахметов

5 Жезқазған қалалық мәслихатының

2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 11/120 шешіміне қосымша
Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен, жеке тұлғалардың ара – тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің бір жолғы талонның құны
N
"Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министірінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығымен бекітілген қызмет түрлері
Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен, жеке тұлғалардың ара – тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір күнге бір жолғы талонның бағасы
1
Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы):

1 1) газеттер мен журналдар;

9,45

2 2) тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары; (тікпе көшет, көшет)

9,45

3 3) бақша дақылдары;

9,45

4 4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер;

14,6

5 5) үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері;

9,2

6 6) жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

9,45

7 7) сыпырғылар, сыпыртқылар

4,75

8 8) орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық

13,75
2
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері
21,6
3
Жолаушылар (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері
18,45
жеке және жалға алған автокөліктермен жолаушылар тасымалдау
- қала ішілік және аудандық
9,45
- қалааралық
18,45
4
Үй жануарлары мен құстарды жаю
4,75
Ескерту:

1 1. Бірлік объектілерге салынатын салық бір айлық есеп көрсеткіштен пайызбен анықталады және айлық есеп көрсеткіштің мөлшеріне байланысты өзгереді.

2 2. Жоғарыда көрсетілген бір жолғы талонның бағасы қала территориясында жүреді. Салық органдарының ұсынысы негізінде мәслихат шешімімен осыған өзгерістер енгізуге болады.

Қолданыстағы