Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных cельскохозяйственных культур в 2016 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных cельскохозяйственных культур в 2016 году
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтінім беру мерзiмдерiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 14.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2017 107608_122563.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16UJ003878
- ЭКБ идентификаторы
- 107608
- Редакция идентификаторы
- 107608_122563
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:17
0 2016 жылға субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының
әрбір түрі бойынша субсидия
алушылардың тiзiмiне қосуға өтінім
беру мерзiмдерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 тіркелген), Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А.Олжаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 7 қарашасынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4 Сайрам ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 14 қарашадағы
№433 қаулысына қосымша
2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Өтінімді қабылдау
мерзімдері
1.
Дәндік жүгері
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
2.
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
3.
Картоп
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
4.
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
5.
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
6.
Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
7.
Сүрлемдік жүгері
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
8.
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін
9.
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 7 қарашасынан
1 желтоқсанына дейін