Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Миниcтров Республики Казахстан от 28 июля 1995 года № 1035

Қаулы · № 304 · қабылданған 13.03.1996
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/c-28-1995-no-1035/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Миниcтров Республики Казахстан от 28 июля 1995 года № 1035 Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 304 ·13.03.1996
06.04.2011 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Миниcтров Республики Казахстан от 28 июля 1995 года № 1035

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 304 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Миниcтров Республики Казахстан от 28 июля 1995 года № 1035
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
bak
Нөмірі
304
Қабылданған күні
13.03.1996
Көрсетілген редакция
06.04.2011 AI82768_5.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P960000304_
ЭКБ идентификаторы
82768
Редакция идентификаторы
AI82768_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:25

0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң 12.08.2000 № 1253 (01.09.2000 бастап қолдануға енгiзiледi) қаулысымен.
Сыртқы экономикалық қызметтi одан әрi ырықтандыру және оның заңдық-нормативтiк базасын Кеден одағы шеңберiнде жүйеге келтiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының алдағы Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1 1. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1-қосымшаға:
"Астық, ауыл шаруашылығы өнiмi, оның ұқсатылған өнiмдерi" деген 1-бөлiмнен мына жолдар алынып тасталсын:
Сары май 0405 1 т
Табиғи бал 0409 1 т
Маралдың, киiктiң мүйiзi 050790 -
Тоқал бұғының қыны, аюдың етi
жыландардың улары 0510 -
Балықтың дайын немесе құтыға
салынған өнiмi 1604 1 т
Iрi қараның терiсiнен өңделген терi 4104 5000 ш.дм.
Ұсақ малдың терiсiнен өңделген терi 4105 4000 ш.дм.
Ұн және жарма 1101-1105 20 т
Ет 0201-0205 1 вагон
Қызылша қанты 1701 1 т
Тазартылмаған этил спиртi 2207, 2208 100 дал;
аталған бөлiмге мына жол қосылсын:
"жарма 1103-1105 20 т";
"Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм" деген 2-бөлiмнен мына жолдар алынып тасталсын:
Цемент 2523 1 вагон
Қара металдардың шойыны 7208-7217 20 т
Көмiр, соның iшiнде кокстелетiнi 2701 10 вагон
Ферроқорытпалар 7202 20 т
Түстi металдар 7401-7405, 20 т
7407, 7408,
7501, 7502,
7504, 7601,
7603, 7604,
7801-7804,
7901,
7903-7905,
8001, 8004.
Тыңайтқыштар 3101-3105 1 вагон
Ағаш және одан жасалған бұйымдар 4401, 4403,
4407 1 вагон
Аккумулятор 8507 500 дана
Автошиналар 4011 500 дана

2

2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағында аталған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шығаруды 1996 жылдың 5 наурызына дейiн тауар биржаларында жасалған контрактiлер бойынша биржалық тауарларды шығарудан басқа, экспорттық биржалық мәмiлелер жасау туралы куәлiктi ұсынусыз, жүктiк кеден декларациясының негiзiнде жүзеге асырсын, оларды шығару бұрынғы қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.

3

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясымен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасымен бiрлесiп 1996 жылдың 30 наурызына дейiн экспортқа шығарылатын өнiмдердi жөнелту алдындағы инспекция қызметiн iске асыру үшiн бiрлескен орган құруды ескере отырып, экспортқа шығарылатын тауарлардың бағасына бақылау жасауды ұйымдастыру жөнiндегi қаулының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

Қолданыстағы