Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканcкой собственности

Қаулы · № 160 · қабылданған 03.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/c-ekb-110797/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканcкой собственности Қолданыста Қаулы ·№ 160 ·03.04.2017
03.04.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканcкой собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 160 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканcкой собственности
Атауы (қаз.)
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160
Қабылданған күні
03.04.2017
Көрсетілген редакция
03.04.2017 110797_185470.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000160
ЭКБ идентификаторы
110797
Редакция идентификаторы
110797_185470
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:30

0 Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оған «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2017 жылғы 3 сәуірдегі
№ 160 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмiрi 21-177-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 205-37-жол алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлімдегі 7-тармақ алып тасталсын.

4 4. «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесiнде:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) жарғылық капиталын төлейді, оған бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4) Холдингті корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар іске асырады.».

Қолданыстағы