Құжат мәтініне өту

О признании утратившими cилу некоторых постановлений акимата Павлодарской области

Қаулы · № 28/1 · қабылданған 29.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/c-ekb-118677/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О признании утратившими cилу некоторых постановлений акимата Павлодарской области Қолданыста Қаулы ·№ 28/1 ·29.01.2018
29.01.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими cилу некоторых постановлений акимата Павлодарской области

Қолданыста Қаулы ·№ 28/1 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими cилу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
28/1
Қабылданған күні
29.01.2018
Көрсетілген редакция
29.01.2018 118677_291063.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18P0005852
ЭКБ идентификаторы
118677
Редакция идентификаторы
118677_291063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:59

0 Павлодар облысы әкімдігінің

кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 214/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3895 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 тамызда «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған);
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 214/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 54/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5008 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірде «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған).

2 2. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы