Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, cоциального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 33 · қабылданған 25.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/c-ekb-128896/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, cоциального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 33 ·25.01.2019
28.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, cоциального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 33 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, cоциального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
25.01.2019
Көрсетілген редакция
28.12.2020 128896_509367.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VK000191
ЭКБ идентификаторы
128896
Редакция идентификаторы
128896_509367
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:16

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын

және ауылдық жерде жұмыс істейтін
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария,
орман шаруашылығы және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
мамандар лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының  тізбесі  аталған қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Зайсан аудандық
мәслихатының хатшысы
Д. Ыдырышев

4 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Зайсан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «25» қаңтардағы
№ 33 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау саласының мамандарының лауазымдары: барлық мамандықтар дәрігерлері, фельдшер, акушер, зертханашы, медициналық медбике.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары: үйден әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің меңгерушісі, арнайы әлеуметтік қызметтегі қажеттілігін анықтау және бағалау жөніндегі сарапшы маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, ассистент.

3

3. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары: мектеп директоры, мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, интернат меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, педагог – ұйымдастырушы, педагог – психолог, тәрбиеші, барлық мамандықтар мұғалімдері, қосымша білім беру педагогы, оқу өндірістік оқыту шебері, алғашқы әскери дайындық оқытушысы, дене тәрбие жөніндегі нұсқаушы, тәлімгер, музыка жетекшісі, медициналық медбике, әдіскер, психолог, бас есепші, есепші, зертханашы.

4 4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, клуб меңгерушісі, әртіс, мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы, аккомпаниатор, кітапханашы.

5 5. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, нұсқаушы, жаттықтырушы, медициналық медбике, есепші, педагог-психолог, тәрбиеші, тәлімгер.

6 6. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының орынбасары, аға мал дәрігері, мал дәрігері, фельдшер, санитар.

7 7. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының мамандарының лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орманшылық басшысы және көмекшісі, орман шебері, орман күзетуші, өрт сөндіруші.

Қолданыстағы