О правилах cодержания собак и кошек в городе Уральске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О правилах cодержания собак и кошек в городе Уральске
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39-16
- Қабылданған күні
- 21.12.2006
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2012 31305_168406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06ZA000058
- ЭКБ идентификаторы
- 31305
- Редакция идентификаторы
- 31305_168406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:25
0 Орал қаласында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағы, 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. "Орал қаласында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі" 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің 2 қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
4 Орал қалалық мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
N 39-16 шешімімен бекітілді
№ 1 қосымша
Орал қаласында иттер мен мысықтарды ұстау
Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы ереже Орал қаласы аумағындағы иті пен мысығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2 2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) ит - көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
2 2) мысық - көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
3 3) ит пен мысықтың иесі - жеке немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.
3
3. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімдіктерін жинау бойынша мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына және оларды жеті тәулік бойы арнайы торларда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.
Аулау уақыты болып қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелер мен "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тіркеу журналында тіркелген жануарлардың аулану уақыты саналады. Тіркеу журналында жануардың түрі, оның жынысы, түсі, кескінінің фото суреті (электронды түрде болуы мүмкін) және жануарларға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет.
Жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелерге немесе "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жануарларды ақысыз кері қайтарып алуы үшін хабарласуына болады.
2 2. Иттер мен мысық иелерінің міндеттері мен құқықтары
4 4. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
5 5. Иттер мен мысықтардың иелері еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға құқылы:
1
1) иттерді жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберісте көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, "Ит күзетеді!" жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет;
2 2) иттер мен мысықтарды "зообұрыштарында", жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерінің (санаториялар, демалыс үйлері, пансионаттар), санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен ұстауға.
6 6. Иттер мен мысық иелері міндетті:
1 1) cатып алған күннен бастап екі апталық мерзімде өздерінің жануарларын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің Орал қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық бөлімінде тіркетуге;
2 2) иттер мен мысықтарды ұстау, өсіру және пайдалануды ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) норматив пен ережелерге сәйкес жүзеге асыруға;
3 3) иттер мен мысықтардың адамдарды және басқа да жануарларды тістеп алуы, жарақаттау жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға;
4 4) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер жүргізуге және емдеу-профилактикалық өңдеу үшін әкелуге;
5 5) үнемі иттерінің мойнына жақсы көрінетін, иттің аты, оның тұқымы, иесінің мекен-жайы мен телефоны, (созылмалы, қауіпті) аурулардың бар болуы туралы жазылған сырға бекітілген қарғы тағуы қажет.
6 6) иттің немесе мысықтың отбасында болуы жағдайында немесе кәмелетке толмаған балалардың жануарлармен бірге тұруы кезінде жануарларға ішек және тері паразиттерінен өңдеу жұмыстарын мерзімді жүргізуге.
3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау
7 7. Иттер мен мысықтардың иелеріне тыйым салынады:
1 1) мас күйдегі адамдарға және 14 жастан төмен балаларға қоғамдық орындар мен көліктерде жануарларды серуендетуге және олармен осы орындарда жүруіне;
2 2) жануарларды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарына әкелуге және ұстауға;
3 3) иттерді шылбырсыз және тұмылдырықсыз серуенге шығаруға;
4 4) құтыруға қарсы вакцинадан өтпеген иттерді серуендетуге.
4 4. Иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде тасымалдау
8 8. Иттер мен мысықтарды қалалық көлікте тасымалдау келесі жағдайда рұқсат етіледі:
1 1) тасымалданатын ит тұмылдырықта және қысқа тізгінде болуы қажет;
2 2) тасымалданатын мысық жабық кәрзеңкеге немесе жәшікке салынуы қажет.
5 5. Тұрғын үй кооперативтерінің, пәтер иелері кооперативтерінің, кондоминиумдардың иттер мен мысықтарды ұстау ережесін қамтамасыз ету бойынша құқықтары
9 9. Тұрғын үй кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, үй-жай иелері кооперативтері, кондоминиумдар құқылы:
1 1) пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, кондоминиумдарға бекітілген аумақта немесе құрылыс салудан бос және кооперативке жапсарлас шағын ауданның
(махалланың) аумағында кестелер мен белгілерді орнатумен иттерді серуендету орындарын белгілеу;
2 2) иттердің серуендеу орны белгіленген аула аумақтарын санитарлық жағдайда ұстау;
3 3) иттер мен мысықтар кіре алмайтындай жер астына, шатырларға және тағы басқа да жабық күйдегі қосымша жайларға кіру есігін ұстау;
4 4) жануарларды ұстаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында үйсіз қаңғыбас иттер мен мысықтардың болуын хабарлау.
40 Орал қалалық мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 39-16 шешіміне 2 қосымша
Орал қалалық мәслихатының
күші жойылған шешімдерінің
тізімі