Құжат мәтініне өту

О принятии доли частной компании «Climate Action Company Limited» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 520 · қабылданған 28.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/climate-action-company-limited/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О принятии доли частной компании «Climate Action Company Limited» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 520 ·28.06.2024
28.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии доли частной компании «Climate Action Company Limited» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 520 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии доли частной компании «Climate Action Company Limited» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«Climate Action Company Limited» акционерлік қоғамының үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
520
Қабылданған күні
28.06.2024
Көрсетілген редакция
28.06.2024 198312_708202.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000520
ЭКБ идентификаторы
198312
Редакция идентификаторы
198312_708202
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:47

0 «Climate Action Company Limited» акционерлік қоғамының үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына және 169-бабының 5-тармағына, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «ESG ұлттық тұрақты дамыту одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Climate Action Company Limited» жеке компаниясының (бұдан әрі – жеке компания) 100 (бір жүз) пайыз акциялар пакетін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын;

2 2) жеке компанияның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-215-жолмен толықтырылсын:
«21-215. «Climate Action Company Limited» жеке компаниясы.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 401-3-жолмен толықтырылсын:
«401-3. «Climate Action Company Limited» жеке компаниясы.».

3 3. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Министрлік» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Министрлік:
1. «Жасыл даму» акционерлік қоғамы.
2. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
3. «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. «Climate Action Company Limited» жеке компаниясы.».
_______________________________

Қолданыстағы