Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «Copper Union Group»

Қаулы · № 68/02 · қабылданған 21.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/copper-union-group-ekb-212574/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «Copper Union Group» Қолданыста Қаулы ·№ 68/02 ·21.07.2025
21.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «Copper Union Group»

Қолданыста Қаулы ·№ 68/02 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «Copper Union Group»
Атауы (қаз.)
«Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68/02
Қабылданған күні
21.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
02.08.2025
Көрсетілген редакция
21.07.2025 212574_770052.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25KO06802A
ЭКБ идентификаторы
212574
Редакция идентификаторы
212574_770052
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:10

0 «Copper Union Group» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігімен
қатты пайдалы қазбаларды
барлау жөніндегі операцияларды
жүргізу үшін жер учаскелеріне
жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылдың 3 қыркүйекке дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 204,69 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

2

2. «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

3 3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 2822-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі

Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «21» шілдедегі
№68/02
қаулысына қосымша
Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 2822-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
№№
Кадастрлық нөмір
Участкенің орналасқан жері
Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
1.
09-137-041-007
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Максат» шаруа қожалығы
165,66
2.
09-137-041-043
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Birlik Agro Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
39,03
БАРЛЫҒЫ
204,69

Қолданыстағы