Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «Copper Union Group»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «Copper Union Group»
- Атауы (қаз.)
- «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89/01
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 13.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 214981_778517.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25KO08901A
- ЭКБ идентификаторы
- 214981
- Редакция идентификаторы
- 214981_778517
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:52
0 «Copper Union Group» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігімен
қатты пайдалы қазбаларды
барлау жөніндегі операцияларды
жүргізу үшін жер учаскелеріне
жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылдың 1 сәуірнен дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 3685,0662 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2
2. «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
3 3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 04 сәуірдегі № 2585-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «30» қыркүйектегі
№89/01
қаулысына қосымша
Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 04 сәуірдегі № 2585-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
№№
Кадастрлық нөмір
Участкенің орналасқан жері
Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
1.
09-137-041-078
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Абилдаев» фермер қожалығы
1535,976
2.
09-137-041-087
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Қула 2019» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
13,146
3.
09-137-041-069
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Тайбурыл НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1925,8972
4.
босалқы жерлер
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі
210,047
БАРЛЫҒЫ
3685,0662