Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Damsa Minerals»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Damsa Minerals»
- Атауы (қаз.)
- «Damsa Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 256
- Қабылданған күні
- 09.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2026 I229964_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26KM00256A
- ЭКБ идентификаторы
- 229964
- Редакция идентификаторы
- I229964_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 15.09.2026 03:30
0 «Damsa Minerals» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Damsa Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 01 шілдеге дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округі жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 904,7161 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
2. «Damsa Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
0 «Damsa Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2026 жылғы 01 шілдедегі №4574-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «____» ________
№ _____ қаулысына
қосымша
«Damsa Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2026 жылғы 01 шілдедегі №4574-EL лицензиясы)
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
«Томар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі
09:133:034:1004
2606,6000
363,0995
2
Бейсембаева Мадина Хабидолбаевна
09:133:034:098
3228,6304
541,6166
Барлығы
904,7161