Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации и проведения профессиональной практики и правил определения предприятий (организаций) в качестве баз практики для организаций технического и профессионального, послесреднего образования

Бұйрық · № 107 · қабылданған 29.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100001/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации и проведения профессиональной практики и правил определения предприятий (организаций) в качестве баз практики для организаций технического и профессионального, послесреднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 107 ·29.01.2016
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации и проведения профессиональной практики и правил определения предприятий (организаций) в качестве баз практики для организаций технического и профессионального, послесреднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 107 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации и проведения профессиональной практики и правил определения предприятий (организаций) в качестве баз практики для организаций технического и профессионального, послесреднего образования
Атауы (қаз.)
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
29.01.2016
Көрсетілген редакция
30.04.2025 100001_761051.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013395
ЭКБ идентификаторы
100001
Редакция идентификаторы
100001_761051
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:43

0 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 53) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары бекітілсін.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 53) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 118-бабына сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) белгілеу тәртібін айқындайды.

2 2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) кәсіпорындармен (ұйымдармен) келісім бойынша кәсіптік практика туралы құжаттар әзірлейді.

2 2-тарау. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

3 3. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны Заңның 38-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары бекітетін оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарларында айқындалады.

4 4. Білім беру ұйымдары білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін білім беру ұйымдары үшін практика базалары ретінде айқындалған кәсіпорындарға (ұйымдарға) білім алушыларды жібереді.

5 5. Кәсіптік практикадан өту үшін білім беру ұйымдары кәсіпорындармен (ұйымдармен) келісіп, практикадан өтудің бағдарламасын және күнтізбелік кестесін бекітеді.

6 6. Кәсіптік практикаға білім алушыларды жіберу практиканың өту мерзімі, базасы және жетекшісі көрсетілген білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

7 7. Білім алушыға осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша кәсіптік практиканы өту туралы жолдама бланкі және күнделік-есеп беріледі.

8 8. Білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі кезінде білім беру ұйымынан және кәсіпорыннан (ұйымнан) жетекшілер тағайындалады. Қажет болған жағдайда консультанттар тағайындалады.

9 9. Кәсіптік практиканың негізгі түрлері оқу, өндірістік және диплом алдындағы болып табылады.

10 10. Білім алушыларға арналған оқу практикасы нақты пән саласының ерекшелігіне және болашақ мамандықтың кәсіби құзыреттілігіне байланысты барлық мамандықтарда өткізіледі.

11 11. Оқу практикасы аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедра, бөлім жетекшісінің өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарына бектіледі.

12 12. Оқу практикасының бағдарламасы оқу жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленеді.

13

13. Оқу пәндерін (модульдерін) оқуды жалғастыру болып табылатын оқу практикалық сабақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 тіркелген) бекітілген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес циклдық комиссиялар қарастырады және білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

14 14. Оқу-практикалық сабақтарды әдістемелік және материалдық- дайындауды өндірістік оқыту шебері немесе аталған практикалық сабақты жүргізетін оқытушы жүзеге асырады.

15 15. Мамандыққа байланысты оқу практикасы оқу және оқу-өндірістік шеберханаларда, өндірістік шаруашылықтарда, оқу полигондарында, білім беру ұйымдарының оқу-көмекші объектілерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда (ұйымдарда) өткізіледі.

16 16. Білім алушылардың оқу практикасындағы, сондай-ақ, кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жұмыс күнінің ұзақтығы жасына және өндіріс жағдайларына байланысты жұмыскерлердің тиісті санаттары үшін қолданыстағы еңбек туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.

17

17. Оқу практикасы аяқталғаннан кейін білім алушыларға ҚР Білім және ғылым министрінің № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген) (бұдан әрі - № 125 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес емтихан жұмыстарының негізінде баға қойылады.

18

18. Білім алушылардың оқу практикаларын орындау есебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу № 4991 тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанына сәйкес өндірістік оқыту есебінің журналында тіркеледі.

19 19. Білім алушының кәсіпорынның (ұйымның) базасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтуді бастамас бұрын, кәсіптік практиканың мақсаттары, қағидалары, кәсіптік практика бағдарламасы және қауіпсіз еңбек жағдайлары туралы нұсқау өткізіледі.

20 20. Өндірістік практика (тиісті мамандық бойынша) кәсіпорындарда өткізіледі.

21 21. Өндірістік практика, оның мазмұнына қарай, арнайы кафедраға, бөлімге, пәндік цикл комиссиясына бекітіледі.

22 22. Өндірістік практика қорытындылары бойынша білім алушы кәсіптік практиканың бағдарламасын орындағаны туралы еркін нысанда жазбаша есепті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практиканы өту туралы күнделік-есепті тапсырады.

23 23. Білім беру ұйымдарында өндірістік практиканың жазбаша есебі кәсіпорыннан (ұйымнан) жетекшінің ұсыныстарын ескере отырып, білім беру ұйымы бағалайды.

24 24. Оқу және (немесе) өндірістік практика аяқталғаннан кейін жұмысшы біліктілігін беру үшін білім беру ұйымы біліктілік комиссиясын құрады.

Біліктілік комиссиясының отырысын өткізу орны кәсіпорынның (ұйымның) келісімімен анықталады.

25 25. Комиссия құрамына кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім беру ұйымдарының өкілдері кіретін мүшелердің тақ санынан тұрады.

26 26. Комиссия төрағасы комиссияның қызметін басқаратын кәсiпорынның (ұйымның) өкiлi болып табылады, ал ол болмаған кезде – бiлiм беру ұйымының басшысы болып табылатын төраға орынбасары.

Комиссия хатшысының функцияларын комиссия мүшесі емес білім беру ұйымының өкілі орындайды.

27 27. Комиссия шешімі отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.

28 28. Білім беру бағдарламаларында диплом жұмысы (жоба) және есеп көзделген білім алушыларға арналған диплом алдындағы практика мамандықтар (біліктіліктер) бойынша бітіру курсында өткізіледі.

29 29. Диплом алдындағы практикаға жетекшілікті диплом жұмысының (жобасы) жетекшісі немесе осы мамандық (біліктілік) бойынша теориялық және практикалық білімдер мен дағдыларды меңгерген оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері жүзеге асырады.

30 30. Диплом алдындағы практиканың мазмұны диплом жұмысының (жоба) тақырыбымен анықталады.

31 31. Диплом алдындағы практиканың ұзақтығы Заңның 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мамандықтың күрделілігіне байланысты айқындалады.

32 32. Диплом алдындағы практиканың қорытындылары кафедра немесе бөлім не жетекшінің өндірістік-оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары ұйымдастыратын диплом жұмысын (жоба) және есебін алдын-ала қорғауда шығарылады және хаттамамен ресімделеді.

3 3-тарау. Кәсіпорындарды (ұйымдарды) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базалары ретінде анықтау тәртібі

33

33. Кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесі «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттеген қауымдастықтар, мамандарының сертификаттау орталығының тізіліміндегі салалық қауымдастықтар және (немесе) білім алушылар ұсынған кәсіпорындар (ұйымдар) тізбесінің тізімінен анықталады.

34

34. Жарғылық қызметі мамандарды даярлау бейініне, білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшлікті жүзеге асыру үшін білікті мамандармен қамтамасыз етілген және жақсы материалдық-техникалық жарақталған кәсіпорындар (ұйымдар) практикалық база ретінде айқындалады.

35

35. Кәсіптік практиканың базасы ретінде анықталған кәсіпорынмен (ұйыммен) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 тіркелген) «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шартқа сәйкес кәсіптік практикадан өту туралы шарт жасалады.
Кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту кезеңінде ақылы қызметтерден алынған кірістер есебінен білім алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті негізде сақтандыру жүзеге асырылады.

36 36. Білім беру ұйымдарының білім алушылардың кәсіптік практикасының базаларымен шарттары кәсіптік практика басталуынан кемінде бір ай бұрын жасалады.

1 Кәсіптік практикаға жолдама

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына
1-қосымша
Кәсіптік практикаға жолдама
Кәсіпорында (ұйымда) қалады
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(негіздеме)
20___ж. «___» ___________________
Білім алушы _____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(кәсіпорынның (ұйымның) атауы)
_____________________________________ кәсіптік практикадан өту үшін жіберіледі
Практиканың басталу мерзімі 20____ж. «____» __________________
Практиканың аяқталу мерзімі 20____ж. «____» __________________
білім беру ұйымының басшысы _______________________________
М.О. _______________ (қолы)
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оқу орнына қайтарылады
Білім алушы _____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
кәсіптік практикадан өту үшін ______________________________________________
________________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың атауы)
Келді _________________________ Кетті _________________________
20____ж. «____» _______________ 20____ж. «____»_______________
Мөр қолы _____________________ Мөр қолы ____________________
болған кезде болған кезде

2 Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына
2-қосымша
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы _____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Р/c №
Кә­сіп­тік прак­ти­ка­ның бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес әр күн үшін орын­дал­ған (оқып болған) жұ­мыстар­дың ата­уы
Кә­сіп­тік прак­ти­ка­ның бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес, жұ­мыстар­ды орын­дау(оқы­ту) мер­зім­де­рі
Өн­ді­рі­стен кә­сіп­тік прак­ти­ка же­тек­ші­сі­нің қо­лы
ба­ста­луы
аяқ­та­луы
1.
2.
3.
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің,
өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық
әдістерінің т.б. сипаттамасы
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Білім алушының қолы ________________
20 ___ ж. «_____» ___________________
________________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)
20 ___ ж. «_____» ___________________
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
___________________________________
20____ж. «_____»___________________

Қолданыстағы