О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Есильского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Есильского района
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-2/76
- Қабылданған күні
- 22.02.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2016 100072_62619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16BK00276A
- ЭКБ идентификаторы
- 100072
- Редакция идентификаторы
- 100072_62619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:23
0 Есіл ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының
күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Зандарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б. Есжановқа жүктелсін.
4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
5 Есіл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Есіл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 22 ақпандағы
№ а-2/76 қаулысына қосымша
Есіл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Есіл ауданы әкімдігінің «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № а-3/62 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 1-11-115 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» газетінде 2010 жылғы 23 сәуірде жарияланған);
2. «2010жылғы 3 наурыздағы № а-3/62 «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің қаулысына толықтыру енгізу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № а-6/208 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 тамыздағы № 1-11-122 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» газетінде 2010 жылғы 27 тамызда жарияланған).