Об исключении из учетных данных некоторых населенных пунктов Казыгуртского района
Қолданыста
Қаулы
№ 46
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об исключении из учетных данных некоторых населенных пунктов Казыгуртского района
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт ауданының кейбір елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 25.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2016 100102_57559.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003623
- ЭКБ идентификаторы
- 100102
- Редакция идентификаторы
- 100102_57559
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:18
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Қазығұрт ауданының кейбір
елді мекендерін есепті
деректерден шығару туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұсынуын ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданының Ащыбұлақ, Кезеңбұлақ, Молбұлақ елді мекендері есепті деректерден шығарылсын.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
Сатыбалды Д.
Жылқышиев Б.
Қаныбеков С.
Садыр Е.
Туяқбаев С.
Абдуллаев А.
Мендебаев К.