Құжат мәтініне өту

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Қаулы · № 46/1 · қабылданған 02.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100152/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором Күшін жойған Қаулы ·№ 46/1 ·02.03.2016
03.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Күшін жойған Қаулы ·№ 46/1 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Атауы (қаз.)
Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46/1
Қабылданған күні
02.03.2016
Көрсетілген редакция
03.12.2019 100152_431568.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PG004987
ЭКБ идентификаторы
100152
Редакция идентификаторы
100152_431568
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:11

0 Тапсырыс берушілер үшін

мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушысын
айқындау мен мемлекеттік сатып
алуларды ұйымдастыру мен
өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы
орындайтын бюджеттік
бағдарламаларды және тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ертіс ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.

2 2. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастарушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес орындалады.

3

3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.

4 4. «Ертіс ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

М.Қ. Ақтаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді Павлодар облысы Ертіс ауданы бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «2» наурыздағы
№ 46/1 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді Павлодар облысы Ертіс ауданы бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Р/с

Атауы
1
Аудандық жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілдерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2
Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу

Қолданыстағы