Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
- Атауы (қаз.)
- Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 215/3
- Қабылданған күні
- 29.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2018 100154_383926.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PC004988
- ЭКБ идентификаторы
- 100154
- Редакция идентификаторы
- 100154_383926
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:15
0 Тапсырыс берушілер үшін
мемлекеттік сатып алудың бірыңғай
ұйымдастырушысын айқындау
және мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыруды және өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы
орындайтын бюджеттік бағдарламаларды
және тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленсін.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3 3. Тапсырыс берушілер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4 4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «29» ақпан
№ 215/3 қаулысына қосымша
Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
р/с№
Атауы
1
Қалалық жергілікті атқарушы органмен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар
2
Егер де сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) үш мың есе айлық есептік көрсеткіштен асса, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың есе айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, конкурс (аукцион) әдістерімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар