Құжат мәтініне өту

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Қаулы · № 176/3 · қабылданған 19.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100162/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором Күшін жойған Қаулы ·№ 176/3 ·19.02.2016
28.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Күшін жойған Қаулы ·№ 176/3 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Атауы (қаз.)
Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
176/3
Қабылданған күні
19.02.2016
Көрсетілген редакция
28.12.2018 100162_383910.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PA004992
ЭКБ идентификаторы
100162
Редакция идентификаторы
100162_383910
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:25

0 Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын

анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай
ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып
алу
туралы» Заңының 8 - бабы 1 - тармағы 3) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тапсырыс берушілерге Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар мен жұмыстар, қызметтер айқындалсын.

3

3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердін Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін
он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
осы қаулының Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орнатылуын.

5 5. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Павлодар қаласы әкімінің аппараты осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

8 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Павлодар қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «19» ақпандағы
№ 176/3 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/с
Атауы
1
Жанар – жағармай материалдарын (бензинді) сатып алу бойынша конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу
2
Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы он мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу
3
Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу

Қолданыстағы