Құжат мәтініне өту

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Қаулы · № 62/2 · қабылданған 11.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100215/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором Күшін жойған Қаулы ·№ 62/2 ·11.03.2016
01.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Күшін жойған Қаулы ·№ 62/2 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Атауы (қаз.)
Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
62/2
Қабылданған күні
11.03.2016
Көрсетілген редакция
01.07.2019 100215_413733.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PH004995
ЭКБ идентификаторы
100215
Редакция идентификаторы
100215_413733
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:05

0 Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік

сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау және мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай
ұйымдастырушы орындалатын
бюджеттік бағдарламаларды және
тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес
Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін

Тереңкөл ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3

3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

6 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «11» наурыздағы
№ 62/3 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

р/с
Атауы
1
Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар
2
Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алулар

Қолданыстағы