О повышении базовых ставок земельного налога по Уйгурскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога по Уйгурскому району
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56-2
- Қабылданған күні
- 01.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2016 100242_484862.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DS003746
- ЭКБ идентификаторы
- 100242
- Редакция идентификаторы
- 100242_484862
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:42
0 Ұйғыр ауданы бойынша
жер салығының базалық
мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданы бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383–баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 40 пайызға жоғарылатылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Манапова Арзигуль Гопуровнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.